GGDROP

Musicola – Сен мұңыңды бер маған (Sen muñıñdı ber mağan)

Жұлдыздарды жолдарыңа жайдың, көк Мұңы аз ба, кайғысы мол, Айдың көп, Сен өнердiң адамысың, ақынсың, Содан болар қуаныштан қайғың көп. Тұлпарлардай заулап өмiр ағады, Түн мұңайып, жұлдыз жанар жанады. Бұл өмiрде ғашық іңкәр болдым мен Сол бiр ақын жүрегiне жаралы Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған Жанарыңның мұң-наласын бер маған, Бал күндердi мен сыйлайын ансаған, Бақытымды айырбастап қайғыңа, Махаббатты мәңгi арнайын мен саған Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк Мен өзiңдi ұнатамын асық боп, Сенiң мұңды жырларыңа қосылып, Домбыраңды жырлатайын ғашық боп. Жанарыңның тұнғиығы тереңде Домбыраңмен әсем сазды бер елге Айырбастап алсам сенiң мұңыңды, Бақытты жан болмас деймiн менен де. 

Рекомендуем:  Renzo - Bounce
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий