GGDROP

Saffana — Jylap al

Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Кім үшін туылып, кім үшін өмір сүрдің?
Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Әр қазақтың әйелінде бар сырлы бір мұң...

Тұрмыстың зілі ап-ауыр
Кеп басса екі иықтан
"Қайыспайм!" "Қара нармын"-деп
Ішіңе бүгіп, ұйытпа...
Кей кезде жасқа ерік бер
Құшып ап балапаныңды
Дәстүр мен қатқан қағида
Қинаған сәтте жаныңды...

Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Кім үшін туылып, кім үшін өмір сүрдің?
Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Әр қазақтың әйелінде бар сырлы бір мұң...

Өз қамың артқы планда-
Болсын деп үйде тыныштық...
Жүргенің сүзіп әрдайым
Қабағын жекжат, туыстың...
Ағылып қашан жарыңа
Ойларыңменен бөлістің?
Естілмей қалған жанайқай-
Кесірі емес пе көп істің?..

Рекомендуем:  Ани Лорак feat. Григорий Лепс - Зеркала

Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Кім үшін туылып, кім үшін өмір сүрдің?
Қаласаң жылап ал, сәл жылап алшы, құрбым
Әр қазақтың әйелінде бар сырлы бір мұң...

Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий