GGDROP

Қайрат Нұртас – Туған күн

Жас қосылып, соңында жыл мен ай қалар
Ақ тілекпенен басыңа бақыт байланар
Құшақ толып гүлге, жақындармен бірге
Әр жыл сайын ай тойланар
Қызық сауық сайран, көңіл шат мәз мейрам
Мерекеге бұл күн айналар

Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Зор денсаулық тілеймін
Бақытты өмір сүргін
Жаныңда болсын деймін
Ашар көңіл сырын жан серігің
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Аман болсын ата-анаң
Тарту еткен ғұмыр
Әр күніне жаратқан
Төксін шуақ нұрын
Ойнап күлгін

Толқып тасып қуаныш кернеп тұр жанын
Арасында дос, жарын, туыс, туғанын
Ән мен жыры, биі, жылы сөз бен сыйы
Кіргізер сәнін думанның
Есіңнен кетпейтін еш нәрсе жетпейтін
Ең бақытты күн туған күн

Рекомендуем:  Oxxxymiron - Намешано

Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Зор денсаулық тілеймін
Бақытты өмір сүргін
Жанында болсын деймін
Ашар көңіл сырын жан серігін
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Аман болсын ата-анаң
Тарту еткен ғұмыр
Әр күніне жаратқан
Төксін шуақ нұрын
Ойнап күлгін

Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий