GGDROP

Dimash Kudaibergen – Самал тау (Samaltau)

Самал тау, қайран елім, шалқар көлім, Не болар солдат болып көрген күнім, Есіме қайта-қайта түсе бердің, Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім Атты емеспін, жаяумын, Жаяудан да баяумын, Он бес күндей жүргенде, Омбы жаққа таяумын. Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр Самал тау, қайран елім артта қалды Адасқан өрісінен біз бір үйір Әке-шешем бар еді, Жасы жеткен кәрі еді, Осынау әнге салдырған, Он алтының зары еді... Самал тау, қайран елім, шалқар көлім, Не болар солдат болып көрген күнім 

Рекомендуем:  Tamiris - Найзағай (Naizagai)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий