GGDROP

Ghalimjan Joldasbay – Ақ тілек (Aq Tilek)

Тойға елген ағайын, домбырамды алайын Ата дәстүр салтымен термелеп әнге салайын. Қуанышыңа ортақ болып қызығыңа қанайын. Қызмет етіп талмайын. Той қызығын шалқытып таңды таңға жалғайын. Екі де жақсы үй болған жастардың ақ тілек тойына Ақ тілекті ғой арнайын. Қораң толған мал бол сын, он-он бестен жан болсын. Күнде қызық той думан иулеріңде ән болсын. Дос туысың көл болсын дұшпандары жоқ болсын. Замандары шат болсын дастарханы тоқ болсын. Ұлың өсіп бай болсын. Құлының өсіп тай болсын. Қыздарыңыз қылықты жұлдыз болсын ай болсын. Тоқ жетерлігін айтқанда дәулет пен сәулет сай болсын. Жырдан маржан құрайын, шалқып тасып тұрайын. Сөз кезегін келесі құдаларға бұрайын. Қыз өсіріп қыз берген, айналайын сіздерден. Сондықтан да мың салем той жасаған біздерден. Бүтін болып жатырмыз қуанды жас пен қартымыз. Кұда болдық мың жылдық деген екен ғой халқымыз. Баянды болсын құдалар сол бір ата салтымыз. Ата да сөзге сыйласып жамандыққа қимасып Өткен жақсы өмірден сіз біз десіп сыйласып. Екі де тілек багіңе жасыңа да кәріңе. Қыз ұзатыңдар келін ал Өмірдің сол ғой мәніне. 

Рекомендуем:  Far In Gate - Жалын (Jalyn)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий