GGDROP

dudeontheguitar – Boiy Bulgan

Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонан Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма - жан. Өз ойында Тұл бойында Бар бәле жоқ бендесіп, Түзде мырзаң, Үйде сырдаң, Сөзі қылжаң еркесіп. Бас құрасып, Мал сұрасып, Бермегенмен кетісер. Адам аулап, Сыпыра саулап, Байды жаулап жетісер. Сөз қыдыртқан, Жұрт құтыртқан, Антын, арын саудалап, Бұтты - шатты, Үй санатты, Байдан атты алмалап. Кедейі — ер, Кеселі зор, Малды байдан сорлы жоқ. Аш көмектің, Жемдемектің, Босқа әлектің орны жоқ. Су жұғар ма, Сөз ұғар ма Сыпыра жылмаң жел буаз? Айтты — көндім, Алды — бердім, Енді өкіндім — өзіме аз. 

Рекомендуем:  Ninety One - Мен емес (Men Emes)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий