GGDROP

Dimash Kudaibergen – Елім менің (Elim mening)

Арайлап таңым, асқақтап тауым, Ән ойнап көгім, күй тартты көлім. Қол жетті, міне, аңсаған күнге, Жасай бер, жаса, қазағым менің! Қазақстаным – жасыл орманым, Қуанышымды жасыра алмадым. Аңсаған бабам, аңсаған елім - Бостандық еді-оу асыл арманың. Елім менің аңсаған, Тас бұғаудан босаған. Құтты болсын отауың-ей, Берік болсын-оу босағаң! Бабамның қаны, анамның жасы Сіңген бұл далам, қымбатсың маған. Береке-бірлік қамалдың басы, Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам. Күйінсін жауың, сүйсінсін досың, Жиылсын қауым, құйылсын көшің. Ертеңің үшін аянба, елім, Ояншы, елім, жиылсын есің. Ұрпақ үшін, ел үшін! Атамекен жер үшін! Берекең мен бірлігің-ей, Таси берсін-оу өрісің! 2× Елім менің аңсаған, Тас бұғаудан босаған. Құтты болсын отауың-ей, Берік болсын-оу босағаң! 

Рекомендуем:  Dimash Kudaibergen - Сағындың ба? [Do you miss me?] (Saghyndyng ba?)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий