GGDROP

dudeontheguitar – Tugan Jer Tolgauy

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап? Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап? Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас Қайтадан бір қарайыншы анықтап Бір кездері секілді еді алып тау Биік төбе аласарып қалыпты-ау Басындағы әз бабамның бейітін Енді бүгін қиын боп тұр анықтау Көрген сайын көңіл кірі аршылар Әркімнің-ақ туған жері бар шығар Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар Сағынышым ыстық жас боп тамшылар Туған жерім – сағынышым сарғайған Құстай ұшып келем саған шалғайдан Жібек желің еркелетіп елітіп Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап? Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап? Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас Қайтадан бір қарайыншы анықтап 

Рекомендуем:  Moonlight (Kazakhstan) - F.U.C.K.
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий