GGDROP

Qayrat Nurtas – Аңсарым (Angsarym)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады… Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні. Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Алмасып күнмен, көгімде ай қалады, Терезесінен көңілдің ай қарады, Тарыдай ғана жұмыр жер айналады. Мен емес, сені қара түн аймалайды, Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды, Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? key:қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Аңсарым lyrics, 2019Қайрат Нұртас Аңсарым lyrics Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер: 

Рекомендуем:  Dimash Kudaibergen - Дударай (Dudaray)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий