GGDROP

Far In Gate – Жібер (Jiber)

Көмілген сезімнің ызғар демі Мазалайды мені, Тыным бермей өткен істің үні. Құлыптап есігін өткен күннің, Алыстап кетсем де Қайта ашар кілті тек сенде. Қосылмас арамыз жол, Өшірсем де бар іздерін Артымнан қалмай іздедің. Тек жібер - керегі сол. Кедергілер толы, Бірақ шығудың жолын тапқаныңды күтем. Арамыз үзілген, түсін енді, Қалдыр жалғыз мені, Ұмыт бәрін, өшір сеніміңді. Ойымнан алып кетсең екен өзіңді, Енді мен қажет етпейм өткен сезімді. Жетер, осы жерден Доғаруыңды өтінем. Қосылмас арамыз жол, Өшірсем де бар іздерін Артымнан қалмай іздедің. Тек жібер - керегі сол. Кедергілер толы, Туманданған жолым, Уақытым санаулы, Еркіндікті сыйға тартуыңды күтем. Ғалымжан: Келдік дегбір біткен жол шегіне. Босатуыңды сенен сұраймын еміне. Арамызда жоқ еш жарамыздың емі. Өмірімнің есігін қағып келме. Әрі кет! Жолама мүлдем! Көңілімнің құлыбы бітеу. Таусылды мендік күдер. Бостандықты сыйға тартуыңды күтем 

Рекомендуем:  ALBA - ARA
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий