GGDROP

Son Pascal – Manmanger

Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалқатай да. Маңмаңгер кекілің күлте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалқатай да. Жүресің желмаядай жануарым, Көрейін қызығыңды осындайда. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім. Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе, Дер екен қалқа қалай келісіме. Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып, Осынау ән күйіндіріп түсті есіме. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім. Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда, Бал татыр қант қосса қағаз шайға. Кісіден анау-мынау жалтару жоқ, Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда. Қайырмасы: Ахау, туған елім, Балаң едім. Өзіңе осынау әнді, Ала келдім. 

Рекомендуем:  Multilingual Fanmade Songs - Into the Unknown (In 47 Languages)
Поделиться с друзьями
MP3LYRICS
Добавить комментарий